23 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №214

310 рет
көрсетілді
37 мин
оқу үшін
2016 жылғы 14 сәуір,  Астана, Үкімет Үйі Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің денсаулық сақтауға, Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабын және «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы №972 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары; 2) Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомаларын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін. 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері: 1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларын уақтылы және мақсатты пайдалануды; 2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейін ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы есептерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуіріндегі №214 қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 13), 15), 16), 17) және 18) тармақшаларына және «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына сәйкес әзірленді. 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) амбулаториялық-емханалық көмектің (бұдан әрі – АЕК) жан басына шаққандағы базалық кешенді нормативі – түзету коэффициенттерін есепке алмай денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын көрсетілетін қызметтер тізбесі бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) пен консультациялық-диагностикалық көмек нысандарындағы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (бұдан әрі – ТМККК) амбулаториялық-емханалық қызметтер кешенінің есептік құны; 2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 3) жан басына шаққандағы кешенді нормативтің ынталандырушы компоненті (бұдан әрі – ЖНЫК) – «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде іс-шаралар кешенін көрсетуге қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы №429 бұйрығында айқындалған тәртіппен түпкілікті нәтиженің қол жеткізілген индикаторларының негізінде МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектісінің қызметкерлерін ынталандыруға бағытталған жан басына шаққандағы кешенді нормативтің ынталандырушы құрамдас бөлігі; 3. Осы Қағидалар облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді мынадай республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша пайдалану тәртібін айқындайды: 1) 004 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі медициналық білім беру ұйымдарында білім алушылардың стипендияларының мөлшерін ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»; 2) 052 «Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің шеңберінде халықты медициналық көмекпен қамтамасыз ету», оның ішінде: 100 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аудандық маңызы бар және ауылдың денсаулық сақтау субъектілерінің халыққа медициналық көмек көрсетуіне және амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»; 101 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік кіші бағдарламалар бойынша; 3) 053 «Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің шеңберінде қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, халықты медициналық көмекпен қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту», оның ішінде: 100 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»; 101 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік кіші бағдарламалар бойынша. 2. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі медициналық білім беру ұйымдарында білім алушылардың стипендияларының мөлшерін ұлғайтуға республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану 4. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі медициналық білім беру ұйымдарында білім алушылардың стипендияларының мөлшерін ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер стипендия мөлшерін техникалық және кәсіптік (училищелер, колледждер), орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары студенттерінің мемлекеттік стипендиясының деңгейіне дейін жеткізу үшін пайдаланылады. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі медициналық білім беру ұйымдарында мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу тәртібі және олардың мөлшерлері «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына сәйкес айқындалады. 3. Аудандық маңызы бар және ауылдың денсаулық сақтау субъектілерінің халыққа медициналық көмек көрсетуіне және амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі 5. Аудандық маңызы бар және ауылдың денсаулық сақтау субъектілерінің (бұдан әрі – ауыл субъектілері) халыққа медициналық көмек көрсетуіне және амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер ауыл субъектілерінің халыққа медициналық көмек (шығындарын өтеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жоғары мамандандырылған медициналық көмекті және гемодиализ қызметтерін қоспағанда) және ТМККК шеңберінде бекітілген халыққа амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуіне, оның ішінде: 1) ЖНЫК төлеуге; 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесіне (бұдан әрі – Дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесі) сәйкес қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техниканы пайдалану арқылы көрсетілген медициналық қызметтер үшін лизинг төлемдерін өтеуге пайдаланылады. 6. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары ауыл субъектілерінің халыққа медициналық көмек және амбулаториялық-емханалық көмек көрсету бойынша медициналық қызметтер берушіні таңдау рәсімін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 шілдедегі №638 бұйрығымен бекітілген ТМККК көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларына (бұдан әрі – Қызметтер берушіні таңдау қағидалары) сәйкес жүзеге асырады. 7. Тарифтерді қалыптастыру және ЖНЫК-ты айқындау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы №801 бұйрығымен бекітілген ТМККК шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтер жасау мен шығындарды жоспарлау әдістемесіне (бұдан әрі – Тарифтер жасау әдістемесі) сәйкес жүзеге асырылады. «Бекітілген халық тіркелімі» порталында (бұдан әрі – «БХТ» порталы) бекітілген халыққа МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектілері үшін АЕК-тің базалық кешенді жан басына шаққандағы нормативін уәкілетті орган айқындайды. 8. Ауыл субъектілерінің халыққа медициналық көмек және ТМККК шеңберінде бекітілген халыққа амбулаториялық-емханалық көмек көрсеткені үшін ақы төлеу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі №627 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды бюджет қаражатының есебінен өтеу қағидаларына (бұдан әрі – Денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъек­тіле­рінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында халық саны аз, тығыздығы төмен, шағын жинақталған, аумақ ауқымды болған және облыстардың жергілікті атқарушы органдары айқындаған басқа да аумақтық ерекшеліктер жағдайларында, АЕК көрсетуге қаражатты қайта бөлуді ауыл, аудандық және қалалық деңгейлердегі субъектілер арасында АЕК жан басына шаққандағы базалық кешенді нормативіне түзету коэффициентін қолдану арқылы бөлінген қаражат шегінде уәкілетті органмен келісім бойынша Тарифтер жасау әдістемесіне сәйкес жүзеге асыра алады. ТМККК көрсетуге арналған шарттар бойынша және ТМККК шеңберіндегі қосалқы мердігерлік шарттар бойынша көрсетілген консультациялық-диагностикалық қызметтерге ақы төлеу «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі 35-бабының 5-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тарифтерге сәйкес құны бойынша жүзеге асырылады. Ауыл халқына стационарлық және стационарды алмастыратын көмек нысанында мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге ақы төлеу ауыл субъектілерінің арасында олар орналасқан жердегі өңір шегінде қосалқы мердігерлік шарттарға сәйкес клиникалық-шығынды топтар (бұдан әрі – КШТ) бойынша бір емделіп шығу жағдайы үшін тарифтер негізінде жүзеге асырылады. Ауыл халқына ауыл субъектісінің олар орналасқан жердегі өңір шегінде қосалқы мердігерлік шарттар бойынша кешенді медициналық қызмет көрсеткені үшін ақы төлеу ауыл халқына кешенді жан басына шаққандағы норматив бойынша жүзеге асырылады, оның мөлшерін денсаулық сақтау басқармасының келісімі бойынша ауыл субъектілері белгілейді. 9. Уәкілетті орган ауыл субъектілерінің халыққа медициналық көмек және ТМККК шеңберінде бекітілген халыққа амбулаториялық-емханалық көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде ағымдағы нысаналы трансферттердің тиімді пайдаланылуын үйлестіруді және мониторинг жүргізуді жүзеге асырады. 10. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері ауыл субъектілерінің халыққа медициналық көмек және амбулаториялық-емханалық көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде: 1) осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген іс-шараларды өткізуді; 2) «БХТ» порталында өңір халқы бойынша, оның ішінде бюджетті қалыптастыру үшін деректердің дұрыстығы мен дәйектілігін және оларды «Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 қаңтардағы №7 бұйрығында айқындалған тәртіппен жандандыруды; 3) Денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды өтеу қағидаларында көрсетілген ақпараттық жүйелерге өңір халқына көрсетілген қызметтер бойынша ауыл және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін субъектілер енгізген деректердің дұрыстығы мен дәйектілігін; 4) МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектілері қызметінің түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізгені үшін Денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды өтеу қағидаларында айқындалған тәртіппен ЖНЫК төлеуді; 5) МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметкерлеріне Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін көтермелеу қағидаларында айқындалған тәртіппен ЖНЫК сомасын бөлуді; 6) Денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды өтеу қағидаларында айқындалған тәртіппен қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техниканы пайдалану арқылы көрсетілген медициналық қызметтер үшін лизинг төлемдерін төлеуді; 7) ауыл субъектілерінің халыққа медициналық көмек және амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша тікелей және түпкілікті нәтиже көрсеткіштерін уәкілетті органмен келісуді; 8) уәкілетті органмен келісу бойынша айқындалған ауыл субъектілерінің халыққа медициналық көмек және ТМККК шеңберінде бекітілген халыққа амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша тікелей және түпкілікті көрсеткіштер нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді. 4. Онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі 11. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер онкологиялық науқастарға ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсетуге, оның ішінде онкологиялық науқастарды амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен (таргетті препараттар) қамтамасыз етуге және қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техниканы пайдалану арқылы көрсетілген медициналық қызметтер үшін лизинг төлемдерін өтеуге пайдаланылады. 12. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары қызметтер берушіні таңдау рәсімін жүзеге асырады. 13. ТМККК шеңберінде онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсетуге арналған тарифтерді қалыптастыру Тарифтер жасау әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады. 14. ТМККК шеңберінде онкологиялық науқастарға көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу Денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды өтеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. ТМККК шеңберінде онкологиялық науқастарға медициналық көмектің қолжетімділігін, кешенділігін және сапасын қамтамасыз ету мақсатында олардың онкологиялық диспансерді еркін таңдау құқықтарын іске асыруды ескере отырып, қосалқы мердігерлік шарттар бойынша ақы төлеу ТМККК көрсетуге арналған негізгі шартта көзделген сомалар шегінде: «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 16 қыркүйектегі №725 бұйрығымен (бұдан әрі – 2015 жылғы 16 қыркүйектегі №725 бұйрық) бекітілген тарифтерге сәйкес құны бойынша көрсетілген консультациялық-диагностикалық қызметтерге; 2015 жылғы 16 қыркүйектегі №725 бұйрықпен бекітілген КШТ бойынша бір емделіп шығу жағдайына тарифтер бойынша көрсетілген стационарлық және стационарды алмастыратын көмекке жүзеге асырылады. 15. Ұйымдастырушысы дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютор болып табылатын онкологиялық науқастар үшін амбулаториялық деңгейде дәрілік заттарды (таргеттік препараттар) сатып алу Дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. 16. Уәкілетті орган ТМККК шеңберінде онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде ағымдағы нысаналы трансферттердің тиімді пайдаланылуын үйлестіруді және мониторингін жүргізуді жүзеге асырады. 17. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері ТМККК шеңберінде онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде: 1) осы қағидалардың 11-тармағында көрсетілген іс-шараларды өткізуді; 2) онкологиялық диспансерлердің «Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесіне өңір халқына көрсетілген қызметтер бойынша енгізген деректердің дұрыстығы мен дәйектілігін; 3) Денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды өтеу қағидаларында айқындалған тәртіппен қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техниканы пайдалану арқылы көрсетілген медициналық қызметтер үшін лизинг төлемдерін төлеуді; 4) ТМККК шеңберінде онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсетуге берілген ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша тікелей және түпкілікті нәтиже көрсеткіштерін уәкілетті органмен келісуді; 5) уәкілетті органмен келісу бойынша айқындалған ТМККК шеңберінде онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсетуге берілген ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша тікелей және түпкілікті көрсеткіштер нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді. 5. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі 18. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ТМККК қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер скринингтік зерттеулер жүргізуге: 1) әйелдер арасында жатыр мойны обырын анықтауға; 2) ересек тұрғындар арасында колоректальдық обырды екі кезеңдік әдіспен анықтауға; 3) Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Астана және Алматы қалаларының ер адамдары арасында қуықасты безі обырын анықтауға; 4) Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Астана және Алматы қалаларының тұрғындары арасында өңеш обырын, асқазан және бауыр обырын анықтауға; 5) сүт безі обыры скринингінің екінші кезеңін жүргізуге пайдаланылады. 19. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары скринингтік зерттеулер жүргізуге медициналық қызметтер берушіні таңдау рәсімін Қызметтер берушіні таңдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырады. 20. Қосалқы мердігерлік шарттар бойынша ақы төлеуді қоса алғанда, ТМККК шеңберінде скринингтік зерттеулер жүргізуге ақы төлеу 2015 жылғы 16 қыркүйектегі №725 бұйрықпен бекітілген тарифтерге сәйкес жүзеге асырылады. 21. Уәкілетті орган скринингтік зерттеулер жүргізу жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде ағымдағы нысаналы трансферттердің тиімді пайдаланылуын үйлестіруді және мониторингін жүргізуді жүзеге асырады. 22. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері скринигтік зерттеулер жүргізу жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде: 1) скринигтік зерттеулер жүргізуді; 2) скринигтік зерттеулер жүргізуге берілген ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша тікелей және түпкілікті нәтиже көрсеткіштерін уәкілетті органмен келісуді; 3) уәкілетті органмен келісу бойынша айқындалған скринигтік зерттеулер жүргізуге берілген ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша тікелей және түпкілікті көрсеткіштер нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді. 6. Дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі 23. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық препараттарды, диабетке қарсы препараттарды, туберкулезге қарсы препараттарды, гематологиялық науқастарға химиялық препараттарды, гемофилиямен ауыратын науқастарға қан ұйыту факторларын, жіті миокард инфаркты бар науқастар үшін тромболитикалық препараттарды, «В» және «С» вирустық гепатиттерімен ауыратын балаларды және ересектерді емдеуге арналған дәрілік заттарды, АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдар және байланыста болғаннан кейінгі профилактика үшін ретровирусқа қарсы препараттарды, миастениямен ауыратын науқастарды емдеуге арналған препараттарды, ренальдық анемиясы бар бүйрек функциясының созылмалы жетіспеушілігімен ауыратын науқастарды емдеуге арналған препараттарды, муковисцидозбен, мукополисахаридозбен, Гоше ауруымен ауыратын балаларды емдеуге арналған препараттарды, бытыраңқы берішпен ауыратын науқастарға арналған препараттарды, белгілі бір аурулары: жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, жүрек функциясының созылмалы жетіспеушілігі, аритмия, пневмония, өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы, асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы бар халықты амбулаториялық деңгейде тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға пайдаланылады. 24. Уәкілетті орган дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алу жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде ағымдағы нысаналы трансферттердің тиімді пайдаланылуын үйлестіруді және мониторингін жүргізуді жүзеге асырады. 25. Дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алу Дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. Осы Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алудың ұйымдастырушысы ретінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары жүзеге асыратын жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, жүрек функциясының созылмалы жетіспеушілігі, аритмия, пневмония, өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы, асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы аурулары бар халықты амбулаториялық деңгейде тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу жағдайларын қоспағанда, Дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінде айқындалған дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютор танылады. 26. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алу жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде: 1) осы Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген іс-шараларды өткізуді; 2) дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға берілген ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша тікелей және түпкілікті нәтиже көрсеткіштерін уәкілетті органмен келісуді; 3) уәкілетті органмен келісу бойынша айқындалған дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша тікелей және түпкілікті көрсеткіштер нәтижелеріне қол жеткізуді; 4) амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етілетін науқастардың электрондық тіркелімдерін қалыптастыруды; 5) республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің есебінен сатып алынатын дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың пайдаланылуына мониторинг жүргізуді; 6) жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, жүрек функциясының созылмалы жетіспеушілігі, аритмия, пневмония, өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы, асқазанның және ұлтабардың ойық жарасы аурулары бойынша халықтың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерден бөлінетін қаражат көлеміне тең мөлшерде жергілікті бюджеттен қаражат бөлуді; 7) халыққа инфекциялық ауруларға қарсы вакцинация жүргізуді қамтамасыз етеді. 7. Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қаражатты пайдалану, есептілік 27. Уәкілетті орган облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер аударуды төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспарының негізінде жүргізеді. 28. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану кезінде үнемдеу пайда болған жағдайда облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары уәкілетті органмен келісім бойынша үнемдеу сомасын бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштерін жақсартуға пайдаланады. 29. Қандай да бір облыс, Астана және Алматы қалалары бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда, уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне нысаналы трансферттердің сомаларын облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының арасында қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді. 30. Уәкілетті орган есептілікті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі №214 қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 22) және 23) тармақшаларына және «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына сәйкес әзірленді. 2. Қағидалар облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің мынадай 058 «Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасы (бұдан әрі – 058 бюджеттік бағдарлама) бойынша бюджетте көзделген Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға және кохлеарлық имплант­тарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге респуб­ликалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін айқындайды. 3. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 4. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мынадай бюджеттік кіші бағдарламалар бойынша пайдаланылады: 1) 105 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» (бұдан әрі – 105 кіші бағдарлама); 2) 107 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» (бұдан әрі – 107 кіші бағдарлама). 5. Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі шараларды қаржыландыруды және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыратын денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы орталық уәкілетті орган (бұдан әрі – республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды 058 бюджеттік бағдарлама мен 105 және 107 кіші бағдарламаларды қаржыландырудың жеке жоспарының негізінде «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығымен белгіленген тәртіппен төлемдер бойынша жүргізеді. 2. Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі 6. Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер: 1) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға; 2) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын және жарық беретін құрылғылармен жарақтауға; 3) «Инватакси» қызметтерін дамытуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға; 4) жаңалықтар телебағдарламаларын трансляциялауды сурдоаудармамен сүйемелдеуді қамтамасыз етуге; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығымен бекітілген Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидаларының 113-тармағында көзделген мөлшерге дейін мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектермен, несеп қабылдағыштармен және нәжіс қабылдағыштармен) қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға пайдаланылады. 7. Республикалық бюджеттен қаражат бөлу жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруды ескере отырып жүзеге асырылады: 1) осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 2), 4) тармақшалары бойынша іс-шараларды іске асыруға қажетті көлемнің 60 %-ы – республикалық бюджеттен, 40 %-ы – жергілікті бюджеттен; 2) осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасы бойынша қажетті көлемнің 30 %-ы – республикалық бюджеттен, 70 %-ы – жергілікті бюджеттен. 8. Міндетті гигиеналық құралдарға және (немесе) олардың құнына қажеттіліктің артуы салдарынан ағымдағы нысаналы трансферттер сомалары жеткіліксіз болған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар мүгедектерді жөргектермен, несеп қабылдағыштармен және нәжіс қабылдағыштармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға шығыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қарастырады. 9. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері келіп түсетін ағымдағы нысаналы трансферттерді мынадай бюджеттік бағдарламалар бойынша: 1) мына: «Инватакси» қызметтерін дамытуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға, мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттеріне трансферттерді одан әрі аудару үшін 045 «Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»; «Инватакси» қызметтерін дамытуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға облыстық деңгейде шығыстарды қаржыландыру үшін 046 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру» жергілікті бюджеттік бағдарламалары арқылы 256 «Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша; 2) жаңалықтар телебағдарламаларын трансляциялауды сурдоаудармамен сүйемелдеуді қамтамасыз етуге 077 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру» жергілікті бюджеттік бағдарламасы арқылы 263 «Облыстың ішкі саясат басқармасы» және 720 «Облыстың ішкі саясат және дін істері басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша; 3) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын және жарық беретін құрылғылармен жарақтауға аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттеріне трансферттерді одан әрі аудару үшін 045 «Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» жергілікті бюджеттік бағдарламасы арқылы 268 «Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша; 4) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын және жарық беретін құрылғылармен жарақтауға аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттеріне трансферттерді одан